
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
25.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 16 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 14 (Ақтөбе қаласы – 13, Хромтау ауданы – 1), симптомсыз – 2 (Ақтөбе қаласы – 1, Хромтау ауданы – 1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,5% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4239 жағдай тіркелді, оның ішінде 51%-ы ауру белгілерімен (2165) және 48,9%-ы симптомсыз (2074) жағдай. 4007 (94,5%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 3025 жағдай, оның ішінде (1299 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 112 (83), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 164 (72), Мұғалжар – 209 (152), Темір – 203 (166), Ойыл – 29 (11), Хромтау – 152 (73), Шалқар ауданы – 131 (74).
Жалпы тіркелген 4239 науқастың 3,4% (148) сырттан әкелінген, 16,2% (689) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,2% (3402) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,5% (1108) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 785 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.