
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
17.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 19 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 11 (Ақтөбе қаласы – 7, Ойыл ауданы – 1, Хромтау ауданы –
1, Мұғалжар ауданы – 1), симптомсыз – 8 (Ақтөбе қаласы – 3, Шалқар ауданы –4, Мұғалжар ауданы – 1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,5% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4131 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,6%-ы ауру белгілерімен (2093) және 49,3%-ы симптомсыз (2038) жағдай. 3938 (95,3%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2936 жағдай, оның ішінде (1276 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 110 (81), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 162 (71), Мұғалжар – 208 (151), Темір – 199 (162), Ойыл – 22 (10), Хромтау – 149 (72), Шалқар ауданы – 131 (74).
Жалпы тіркелген 4131 науқастың 3,5% (146) сырттан әкелінген, 15,9% (658) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,5% (3327) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,8% (1093) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 648 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.