Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 15 02 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 15 02 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

14.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 13 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар –11 (Ақтөбе қаласы – 6, Алға ауданы – 1, Мұғалжар ауданы – 1, Хромтау ауданы – 2, Темір ауданы – 1 ),  симптомсыз – 2 (Хромтау ауданы – 1, Темір ауданы – 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4098 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,6%-ы ауру белгілерімен (2075) және 49,3%-ы симптомсыз (2023) жағдай. 3902 (95,2%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 2912 жағдай, оның ішінде (1266 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 110 (81), Байғанин – 59 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 162 (71), Мұғалжар – 205 (150), Темір – 199 (162), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 148 (72), Шалқар ауданы – 127 (70).

Жалпы  тіркелген  4098  науқастың 3,5% (146) сырттан әкелінген, 15,8% (649) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,6% (3303) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 26,5% (1087) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 752  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.