
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
10.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 8 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар – 5 (Ақтөбе қаласы – 2, Хромтау ауданы – 2, Мәртөк ауданы – 1 ), симптомсыз – 3 (Ақтөбе қаласы – 1, Мұғалжар ауданы – 1, Шалқар ауданы – 1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4043 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,4%-ы ауру белгілерімен (2040) және 49,5%-ы симптомсыз (2003) жағдай. 3871 (95,7%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2878 жағдай, оның ішінде (1250 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 109 (81), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 162 (71), Мұғалжар – 202 (148), Темір – 197 (161), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 141 (71), Шалқар ауданы – 120 (70).
Жалпы тіркелген 4043 науқастың 3,5% (145) сырттан әкелінген, 15,6% (633) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,7% (3265) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 26,7% (1082) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 663 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.