
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
08.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 1 жағдай тіркелді, науқастың ауру симптомдары бар - 1(Ақтөбе қаласынан). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0.0% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 4021 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,4%-ы ауру белгілерімен (2027) және 49,5%-ы симптомсыз (1994) жағдай. 3840 (95,5%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2864 жағдай, оның ішінде (1246 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 108 (80), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 161 (71), Мұғалжар – 201 (147), Темір – 197 (161), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 137 (69), Шалқар ауданы – 119 (69).
Жалпы тіркелген 4021 науқастың 3,6% (145) сырттан әкелінген, 15,5% (625) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,8% (3251) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 26,6% (1073) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 647 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.