
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
04.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 12 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар - 9 (Ақтөбе қаласы – 7, Хромтау ауданы – 2 ), симптомсыз – 3(Ақтөбе қаласы – 3). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,3% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3993 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,4%-ы ауру белгілерімен (2013) және 49,5%-ы симптомсыз (1980) жағдай. 3817 (95,5%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2843 жағдай, оның ішінде (1237 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 108 (80), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 18 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 157 (67), Мұғалжар – 200 (146), Темір – 197 (161), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 135(69), Шалқар ауданы – 119 (69).
Жалпы тіркелген 3993 науқастың 3,5% (140) сырттан әкелінген, 15,5% (619) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 80,9% (3234) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 26,6% (1064) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 542 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.