
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
02.02.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 5 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар - 2 (Ақтөбе қаласы – 2), симптомсыз – 3(Ақтөбе қаласы – 2, Мұғалжар ауданы – 1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,1% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3963 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,2%-ы ауру белгілерімен (1993) және 49,7%-ы симптомсыз (1970) жағдай. 3794 (95,7%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2826 жағдай, оның ішінде (1234 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 108 (80), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 16 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 154 (65), Мұғалжар – 198 (144), Темір – 197 (161), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 132(69), Шалқар ауданы – 116 (66).
Жалпы тіркелген 3963 науқастың 3,5% (139) сырттан әкелінген, 15,3% (610) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,1% (3214) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 32,9% (1059) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 376 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.