Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 21 01 21

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 21 01 21

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

21.01.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 17 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар - 14 (Ақтөбе қаласы-10, Алға ауданы-1, Мәртөк  ауданы-2,  Мұғалжар ауданы-1), симптомсыз - 3 (Ақтөбе қаласы-1, Мұғалжар ауданы-2).  Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,4% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3868  жағдай тіркелді, оның ішінде 50,2%-ы ауру белгілерімен (1942) және 49,7%-ы симптомсыз (1926) жағдай. 3700 (95,6%) науқас жазылып шықты. 

Ақтөбе қаласында – 2751 жағдай, оның ішінде (1201 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 105 (79), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 15 (13), Қарғалы – 61 (39), Мәртөк – 149 (63), Мұғалжар – 192 (138), Темір – 197 (161), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 131(69), Шалқар ауданы – 113 (65).

Жалпы  тіркелген  3868  науқастың 3,5% (136) сырттан әкелінген, 15% (580) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,4% (3152) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,4% (1053) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 421  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

 

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.