
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
24.01.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 9 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар - 6 (Ақтөбе қаласы-5, Алға ауданы-1), симптомсыз - 3 (Ақтөбе қаласы-2, Шалқар ауданы-1). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3898 жағдай тіркелді, оның ішінде 50,2%-ы ауру белгілерімен (1958) және 49,7%-ы симптомсыз (1940) жағдай. 3712 (95,2%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2775 жағдай, оның ішінде (1212 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 107 (79), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 15 (13), Қарғалы – 62 (40), Мәртөк – 151 (64), Мұғалжар – 192 (138), Темір – 197 (161), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 131(69), Шалқар ауданы – 114 (66).
Жалпы тіркелген 3898 науқастың 3,5% (138) сырттан әкелінген, 15,1% (592) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,2% (3168) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,1% (1057) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 355 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.