
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
10.01.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 10 жағдай тіркелді, оның ішінде ауру симптомдары бар - 6(Ақтөбе қаласы-3, Мұғалжар ауданы-1, Қобда ауданы-1, Темір ауданы-1), симптомсыз - 4 (Ақтөбе қаласы-2, Темір ауданы -2). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,3% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3763 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,9%-ы ауру белгілерімен (1878) және 50%-ы симптомсыз (1885) жағдай. 3726 (99%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2678 жағдай, оның ішінде (1176 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 101 (78), Байғанин – 58 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 15 (13), Қарғалы – 59 (37), Мәртөк – 138 (62), Мұғалжар – 181 (129), Темір – 194 (160), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 130(69), Шалқар ауданы – 113 (65).
Жалпы тіркелген 3763 науқастың 3,5% (135) сырттан әкелінген, 14,8% (560) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,5% (3068) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,7% (1035) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 245 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.