
Ақтөбе облысында 2020 жылғы 24-желтоқсандағы жағдай бойынша 3657 коронавирус инфекциясы тіркелді, 100 мың адамға шаққанда сырқаттану көрсеткіші 417,8 құрады, оның ішінде 1802 (49,2%) симптомдары бар науқастар, 1855 (50,7%) симптомсыз КВИ.
Бұл ретте облыс аумағында инфекцияның таралуының орташа көрсеткіші республикалық көрсеткіштен төмен, эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады.
Ақтөбе облысының аумағында блокпосттар жоқ. РФ шекарасында ақпан айынан бастап Мәртөк ауданында "Жайсаң", Қарғалы ауданында "Әлімбет" санитарлық-карантиндік пункттері жұмыс істейді. 2020 жылдың
6-қазанынан бастап"Әлімбет" санитарлық-карантиндік пункті арқылы 15 730 адам, "Жайсаң" санитарлық-карантиндік пункті арқылы 33 048 адам өтті. Келген адамдардың жалпы санынан 47 адамда коронавирусинфекциясы анықталды (олардың 26 – і-транзиттік көлік тасымалының жүргізушілері, 21 жолаушы).
Облыс бойынша мобилді мониторингтік топтар жеке және заңды тұлғалардың объектілерде, қоғамдық көліктерде және елді мекеннің көшелерінде шектеу карантиндік шараларын орындауын, соның ішінде бетперде тағу, дезинфекциялық режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтау, басқа да эпидемияға қарсы іс-шаралары бойынша рейдтік тексерулер жалғасуда.
Мобильді мониторингтік топтардан және жергілікті полиция қызметінен түскен материалдарға сәйкес, ҚР "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша анықталған бұзушылықтар үшін 169 592 630 теңге көлемінде 1251 айыппұл салынды.
Бүгінгі күні Координациялық орталықтардан түскен шұғыл хабарлама негізінде жоспардан тыс 19 тексерулер жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша 18 объектіге 5 028 180 теңге көлемінде айыппұл салынды, 18 ұйғарым берілді, объектінің жұмысын тоқтату бойынша 13 материал әкімшілік сотқа жіберілді.
Бүгінгі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ әрбір облыс тұрғыны барлық шектеу карантиндік шараларын сақтамайтын болса,бұл эпидахуал түбегейлі өзгеруі әбден мүмкін.Сондықтан, баршаңызды бетперде тағуға, қолды жиі жуып, антисептиктерді пайдалануға, әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырамын.
Осы орайда облыс тұрғындарына түрлі мерекелік іс-шараларды, тойлар мен отбасылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынғанын тағы да естеріңізге саламыз.
Құрметті кәсіпкерлік субъектілері!
Ағымдағы жылы 20-желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында ЖРВИ мен тұмаудың өсуіне орай келесі жылғы қаңтар-ақпанда коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың ұлғаю қаупіне байланысты 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін ойын-сауық, спорттық және басқа да көпшілік қатысатын іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктер мен мерекелік корпоративтерді өткізуге тыйым салды.
Осыған байланысты және облыс халқының коронавирус инфекциясы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті барлық кәсіпкерлік субъектілерін келесі тыйымдарды қатаң сақтауға шақырады:
Бүгінгі таңда облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты, бірақ әрбір облыс тұрғыны барлық шектеу карантиндік шараларын сақтамайтын болса,бұл эпидахуал түбегейлі өзгеруі әбден мүмкін.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар жанынан ұйымдастырылған мобильді топтар тарапынан кәсіпкерлік объектілерінде шектеу карантиндік шараларын сақтау бойынша мониторинг күшейтілетінін еске саламыз.Бетперде тәртібін, әлеуметтік қашықтықты және карантин талаптарын қатаң сақтаңыздар. Бұл – Сіздің денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігінің кепілі. Қауіп сейілген жоқ, сондықтан қорғаныс құралдары инфекцияның таралуын азайтуға көмектесетінін түсінгеніңіз маңызды. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар!
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаменті