
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
23.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 4 жағдай тіркелді, оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, 1-і - симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 3(жергілікті жағдайлар),Хромтау ауданында 1 жағдай(жергілікті жағдай). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,1% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3646 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,2%-ы ауру белгілерімен (1796) және 50,7%-ы симптомсыз (1850) жағдай. 3504 (96,1%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2592 жағдай, оның ішінде (1153 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 100 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 58 (35), Мәртөк – 119(60), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 130(70), Шалқар ауданы – 114 (65).
Жалпы тіркелген 3646 науқастың 3,6% (133) сырттан әкелінген, 14,5% (530) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,8% (2983) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,3% (1025) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 237 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.