Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 23 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 23 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

22.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 8 жағдай тіркелді, оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, 5-і - симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 3(2-і жергілікті жағдайлар, 1-і сырттан әкелінген ), Мәртөк ауданында 5 жағдай(жергілікті жағдай 4, сырттан әкелінген 1). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3642 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,2%-ы ауру белгілерімен (1793) және 50,7%-ы симптомсыз (1849) жағдай. 3495 (96%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2589 жағдай, оның ішінде (1152 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 100 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 58 (35), Мәртөк – 119(60), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 129(70), Шалқар ауданы – 114 (65).

Жалпы тіркелген 3642 науқастың 3,6% (133) сырттан әкелінген, 14,5% (530) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,7% (2979) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,3% (1024) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 246 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.