
Бүгін облыс әкімі Оңдасын Оразалин кезекті рет тұрғындарды қабылдап, олардың көкейтесті мәселелерін тыңдады.
Аймақ басшысының кезекті қабылдауына келген азаматтар жер учаскесін алу, баспана мәселесі, денсаулық сақтау, экология саласына қатысты сондай-ақ, тарихи-мұраларды сақтау бойынша ұсыныстар мен сұрақтарын жолдады. Әрбір ұсыныс пен сауалға жіті назар аударған Оңдасын Оразалин қала әкіміне, жауапты басқарма басшыларына көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуін тапсырды.