Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 21 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 21 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

20.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 6 жағдай тіркелді, оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, 3-і - симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 4 жағдай (жергілікті жағдайлар), Мәртөк ауданында 2 жағдай(сырттан әкелінген, РФ-дан келген). Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3629 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,2%-ы ауру белгілерімен (1787) және 50,7%-ы симптомсыз (1842) жағдай. 3477 (95,8%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2581 жағдай, оның ішінде (1147 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 100 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 58 (35), Мәртөк – 114(58), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 129(70), Шалқар ауданы – 114 (65).

Жалпы тіркелген 3629 науқастың 3,6% (131) сырттан әкелінген, 14,6% (530) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,7% (2968) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,2% (1019) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 241 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.