Ақтөбеде “Ситуациялық орталық” қызметі іске қосылды

Ақтөбеде  “Ситуациялық орталық” қызметі іске  қосылды
“Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында “Ситуациялық орталық” жобасы іске асырылды. Жаңа жүйеде тұрғындарға арналған портал, мобильді қосымша, Telegram Bot, 109 қызмет операторларының платформасы, сараптамалық платформа сынды бірнеше қызмет түрлері атқарылады. Соның ішінде бүгін "109-Aqtobe"қызметінің таныстырылымы өтті. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин жаңа жобаның жұмысымен танысты. 24/7 режимінде жұмыс жасайтын "109-Aqtobe" қызметі арқылы қала тұрғындары өздерін жиі мазалайтын коммуналдық қызмет көрсету сервистері, абаттандыру мен қауіпсіздікке жауап беретін қызметтер т.б сұрақтар бойынша хабарласып, мәселелердің шешілуіне мүмкіндік алмақ.
Айтып өтейік, қазіргі уақытта көп қабатты үйлерде ақылды есептегіштерді орнату, люктерді цифрландыру жұмыстары жүргізілуде.
Ақпараттық жүйеде онлайн режимінде люктердің ағымдағы жағдайын бақылауға болады. Сондай-ақ, қала бойынша бағдаршамдарды диспетчерлеу жүйесі жұмыс істейді, Қазіргі уақытта 17 бағдаршамды цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілді. 2021 жылы бұл жұмыс жалғасатын болады.
Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласының әкіміне қызметтің жұмысын одан әрі кеңейтіп, тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде құлақ асу қажеттігін тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі