Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 15 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 15 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

14.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 2 жағдай тіркелді, оның 1-інің клиникалық симптомдары бар, ал 1-і симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 1 жағдай(жергілікті жағдай), Қарғалы ауданында 1 жағдай(сырттан әкелінген). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,1% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3585 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,1%-ы ауру белгілерімен (1762) және 50,7%-ы симптомсыз (1823) жағдай. 3450 (96,2%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2547 жағдай, оның ішінде (1137 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 100 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 104 (49), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 129(70), Шалқар ауданы – 114 (65).

Жалпы тіркелген 3585 науқастың 3,3% (121) сырттан әкелінген, 14,3% (515) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,2% (2949) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,4% (1015) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 313 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.