
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
13.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 10 жағдай тіркелді, оның 1-ініің клиникалық симптомдары бар, ал 9-ы симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 8 жағдай (жергілікті жағдайлар), Алға ауданында 1 жағдай (жергілікті), Мұғалжар ауданында 1 жағдай (жергілікті). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,3% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3583 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,1%-ы ауру белгілерімен (1761) және 50,8%-ы симптомсыз (1822) жағдай.
3440 (96%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2546 жағдай, оның ішінде (1137 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 100 (78), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 104 (49), Мұғалжар – 176 (128), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 129 (70), Шалқар ауданы – 114 (65).
Жалпы тіркелген 3583 науқастың 3,3% (120) сырттан әкелінген, 14,1% (508) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,4% (2955) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,4% (1017) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 317 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі