
Әлемді жайлаған пандемия кәсіпкерлерге оңай соқпады.Карантиндік шектеулер қойылып мейрамханаларда той- жиын өткізуге тыйым салынуына байланысты ақтөбелік кәсіпкер Қалауша Садықова 700 орындық “Атамекен” мейрамханасын жабық сауда орталығы ретінде пайдалануға берді. Қазіргі таңда атауы “Гастроном #1” деп өзгерген жабық базарда 75 сауда орны қызмет көрсетуде.Алдағы уақытта бұл көрсеткіш 120 дейін көбеймек. Ақтөбе облысының әкімі
жаңадан ашылған сауда орталықтың жұмысымен танысып, сатушыларға жасалған жағдайды бақылады. Мұнда азық-түлік, кондитерлік өнімдер, ет, балық, аксессуарлар сатылымға шығарылған. Санитарлық талаптарға сай, келушілерге бір реттік қолғаптар беріліп, дене қызуы өлшенеді. Сауда орталығын түгелдей аралаған облыс әкімі тұтынушыларды көптеп тарту мақсатында халыққа тиімді жәрмеңкелер ұйымдастыруды, сауда сөрелерін жергілікті өнімдермен оның ішінде ет, сүт, өнімдерімен толықтыру қажеттігін айтты.