Ақтөбеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қосқан үлестері үшін бірқатар азамат марапатталды

Ақтөбеде  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы  күреске қосқан  үлестері  үшін бірқатар азамат   марапатталды
Жұма, 9 желтоқсан күні “Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне” орай облыс әкімі Оңдасын Оразалин сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға қосқан үлестері үшін облыстағы белсенді азаматтарды марапаттады.Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов, “Ақтөбе ӘКК” АҚ Басқарма төрағасы Ермек Имантаев т.б тұлғаларға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың алғыс хаттары табысталса, “Ақтөбе Медиа” ЖШС басшысы Раукен Отыншин, Қ. Жұбанов атындағы АӨУ ректоры Бауыржан Ердембеков т.б азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаты берілді.
“Өңірде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде барынша ашықтықты қалыптастыру мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылуда. Аудан орталықтарында 12 сервистік әкімдік, 7 фронт офистері ашылды.
Сонымен қатар, облыс бойынша ауылдық округтердің әкімдіктерінде, мемлекеттік мекемелерде және барлық мектептерде өзіне-өзі қызмет ету бұрыштары ауыл тұрғындарына сәтті қызмет көрсетуде. Жергілікті атқарушы органдар 172 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде 151-і электрондық форматта, өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыруға қосқан үлестері үшін аталған азаматтарға алғыс білдіремін”,-деді аймақ басшысы.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі