Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 11 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 11 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

10.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 9 жағдай тіркелді, оның 4-інің клиникалық симптомдары бар, ал 5-і симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 8 жағдай(жергілікті жағдайлар), Мұғалжар ауданында 1 жағдай(жергілікті). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3553 жағдай тіркелді, оның ішінде 49,2%-ы ауру белгілерімен (1749) және 50,7%-ы симптомсыз (1804) жағдай. 3411 (96%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2524 жағдай, оның ішінде (1123 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 99 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 100 (49), Мұғалжар – 175 (127), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 127(68), Шалқар ауданы – 114 (65).

Жалпы тіркелген 3553 науқастың 3,3% (120) сырттан әкелінген, 14,2% (508) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,3% (2925) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 34,3% (1004) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 293 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.