
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
2020 жылдың 8-желтоқсанында облыс бойынша COVID-19 инфекциясымен ауырған науқас жоқ. Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3531 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1736) және 51%-ы симптомсыз (1795) жағдай. 3329 (94,2%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2505 жағдай, оның ішінде (1117 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 99 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 99 (48), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 127(68), Шалқар ауданы – 114 (65).
Жалпы тіркелген 3531 науқастың 3,3% (119) сырттан әкелінген, 14,3% (508) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,2% (2904) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (998) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 253 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық
-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.