Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 07 12 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 07 12 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

06.12.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 10 жағдай тіркелді, оның 9-ының клиникалық симптомдары бар, ал 1-і симптомсыз ауру. Ақтөбе қаласында 3 жағдай (1-і жергілікті жағдай, 2-і ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар), Мәртөк ауданында 6 жағдай(5-і жергілікті жағдай, 1-і  ауру адаммен қарым-қатынаста болған), Хромтау ауданында 1 жағдай (ауру адаммен қарым-қатынаста болған). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3531 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1736) және 51%-ы симптомсыз (1795) жағдай. 3327 (94,2%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2505 жағдай, оның ішінде (1117 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 99 (77), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 57 (34), Мәртөк – 99 (48), Мұғалжар – 173 (125), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 127(68), Шалқар ауданы – 114 (65).

Жалпы тіркелген 3531 науқастың 3,4% (119) сырттан әкелінген, 14,2% (503) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,3% (2909) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,3% (1000) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 278 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.