
2026 жылғы 28 қыркүйекте Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ырғыз ауданына жұмыс сапарымен барады.
Сапар барысында өңір басшысы әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, ауданның дамуына бағытталған жобалардың іске асырылу барысымен танысады, сондай-ақ жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізеді.
Кездесулер барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелері талқыланады.