Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар Ақтөбеде бас қосады!

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар Ақтөбеде бас қосады!

 

2026 жылғы 16–23 қыркүйек аралығында Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары өтеді. Республикалық додада 17 облыстан 2500 спортшы бақ сынайды.

Бағдарламада 10 спорт түрі қамтылған: 

🔹асық ату

🔹 3×3 баскетбол

🔹 волейбол

🔹 грек-рим күресі

🔹 дзюдо

🔹 еркін күрес

🔹 қазақ күресі

🔹 тоғызқұмалақ

🔹 үстел теннисі

🔹 футзал

Алда — тартысты бәсекелер, жарқын жеңістер мен жас спортшылардың шеберлігі сыналатын бірнеше күн.

Салтанатты ашылу рәсімі:
📅 16 қыркүйек
⏰ 15:00
📍 «Мұз айдыны» облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі;

Мекенжайы: О. Татеұлы көшесі, 1

Барша ақтөбеліктер мен қала қонақтарын салтанатты ашылу рәсіміне келіп, жас спортшыларға қолдау көрсетуге шақырамыз!