Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 24 11 2020

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 24 11 2020

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

23.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 8 жағдай тіркелді, оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, ал 5-і – симптомсыз ауру. Мәртөк ауданында 1 жағдай (сырттан әкелінген), Алға ауданында 1 жағдай(сырттан әкелінген), Қарғалы ауданында 2 жағдай(жергілікті/сырттан әкелінген),  Ақтөбе қаласында 4 (жергілікті жағдайлар/2 – сырттан әкелінген). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3456 жағдай тіркелді, оның ішінде 48,8%-ы ауру белгілерімен (1689) және 51,1%-ы симптомсыз (1767) жағдай. 3306 (95,6%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2459 жағдай, оның ішінде (1103 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (8), Алға – 96 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 55 (32), Мәртөк – 82 (44), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 122(65), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3456 науқастың 3,3% (115) сырттан әкелінген, 13,9% (483) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,6% (2858) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,6% (989) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 318 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық

-эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.