Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 23 11 2020

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 23 11 2020

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

22.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 8 жағдай тіркелді, оның 4-нің клиникалық симптомдары бар, ал 4-і – симптомсыз ауру. Мәртөк ауданында 2 жағдай (жергілікті/ауру адаммен қарым-қатынаста болған), Алға ауданында 1 жағдай(жергілікті),  Ақтөбе қаласында 5 (жергілікті жағдайлар, барлығы да науқас адаммен қарым-қатынаста болғандар). Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3448 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1686) және 51%-ы симптомсыз (1762) жағдай. 3306 (95,8%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2455 жағдай, оның ішінде (1098 симптомсыз), Әйтеке би – 21 (9), Алға – 95 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 53 (30), Мәртөк – 81 (43), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 122(65), Шалқар ауданы – 113 (64).

Жалпы тіркелген 3448 науқастың 3,2% (111) сырттан әкелінген, 14% (483) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 82,7% (2854) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,6% (987) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 269 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.