
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
16.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 8 жағдай тіркелді, оның 2-інің клиникалық симптомдары бар, ал 6-ы симптомсыз ауру. Оның ішінде Ақтөбе қаласында – 2(1 – жергілікті жағдай/ауру адаммен қарым-қатынаста болған адам, 1-еуі – сырттан әкелінген), 2 – Мәртөк ауданынан(сырттан әкелінген – РФ-дан келген), 4 – Хромтау ауданынан(жергілікті жағдай). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3420 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1673) және 51%-ы симптомсыз (1747) жағдай. 3299 (96%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2438 жағдай, оның ішінде (1089 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 52 (29), Мәртөк – 73 (39), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 122(65), Шалқар ауданы – 113 (64).
Жалпы тіркелген 3420 науқастың 3,1% (108) сырттан әкелінген, 13,8% (473) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83% (2839) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,6% (979) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 373 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.