
Ақтөбе облысы аумағы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
15.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 7 жағдай тіркелді, оның 3-інің клиникалық симптомдары бар, ал 4-і симптомсыз ауру. Оның ішінде Ақтөбе қаласында – 2(жергілікті жағдай), 3 – Шалқар ауданынан(жергілікті жағдай – 2-уі – ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар), 1 – Хромтау ауданынан (ауру адаммен қарым-қатынаста болған – жергілікті жағдай), 1 – Мәртөк ауданынан(жергілікті жағдай). Аурушаңдықтың өсу деңгейі – 0,2% құрайды.
Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3412 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1671) және 51%-ы симптомсыз (1741) жағдай. 3298 (96,6%) науқас жазылып шықты.
Ақтөбе қаласында – 2436 жағдай, оның ішінде (1088 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38), Қобда 14 (13), Қарғалы – 52 (29), Мәртөк – 71 (37), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 118(62), Шалқар ауданы – 113 (64).
Жалпы тіркелген 3412 науқастың 3% (105) сырттан әкелінген, 13,8% (472) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83% (2835) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (973) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.
Қазіргі таңда үй карантиніне 354 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.
Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі.