Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 13 11 20

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 13 11 20

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

12.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 10 жағдай тіркелді, оның ішінде Ақтөбе қаласында – 6 (жергілікті жағдай), 4 – Мәртөк ауданынан, оның ішінде 2-уі – РФ-дан келген, екеуі де Жамбыл облысының тұрғындары. Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3395 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1662) және 51%-ы симптомсыз (1733) жағдай. 3285 (96,7%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2428 жағдай, оның ішінде (1085 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 50 (27), Мәртөк – 70 (36), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 116(62), Шалқар ауданы – 109 (62).

Жалпы тіркелген 3395 науқастың 2,9% (104) сырттан әкелінген, 13,7% (466) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,2% (2825) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,6% (971) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 263 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.