Оңдасын Оразалин тұрғындарды кезекті рет қабылдады

Оңдасын Оразалин тұрғындарды кезекті рет қабылдады

10 қараша, сейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин тұрғындарды кезекті рет қабылдап, жеке мәселелерін тыңдады.

Аймақ басшысы ақтөбеліктердің тұрғын үй, денсаулық, білім, мәдениет және қала көшелерін абаттандыру, жарықтандыруға қатысты қойылған бірқатар сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ, жауапты басқарма басшыларына әрбір көтерілген мәселенің заң шеңберінде шешілуін тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі