Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 2020

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы 2020

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

09.11.2020 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 2 жағдай тіркелді. Оның 1-нің клиникалық симптомдары бар, ал 1-уі – симптомсыз ауру.

Олардың біреуі – Ақтөбе қаласының тұрғыны – КВИ ауру белгілерімен ЖРВИ симптомдарының пайда болуына байланысты медициналық көмекке жүгіну кезінде, екіншісі – Қарғалы ауданындағы «Әлімбет» санитарлық-карантиндік пункті арқылы РФ-дан келген ақтөбелік азаматқа – профилактикалық тестілеу барысында COVID-19-ға тексерілген кезінде қауіпті індет анықталған.

 Аурушаңдықтың өсу  деңгейі – 0,3% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3370 жағдай тіркелді, оның ішінде 49%-ы ауру белгілерімен (1649) және 51%-ы симптомсыз (1721) жағдай. 3267 (96,9%) науқас жазылып шықты.  

Ақтөбе қаласында – 2413 жағдай, оның ішінде (1078 симптомсыз), Әйтеке би – 20 (8), Алға – 94 (76), Байғанин – 57 (35), Ырғыз – 54 (38),  Қобда 14 (13), Қарғалы – 50 (27), Мәртөк – 64 (32), Мұғалжар – 172 (124), Темір – 190 (158), Ойыл – 21 (10), Хромтау – 113(61), Шалқар ауданы – 108 (62).

Жалпы тіркелген 3370 науқастың 2,9% (99) сырттан әкелінген, 13,6% (461) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 83,3% (2810) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 28,5% (963) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 334 адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде.  

Ақтөбе облысы санитариялық-

эпидемиологиялық бақылау департаментінің  баспасөз қызметі.