
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мәлімдеді.
Оның сөзінше өңірде тұрғындардың табысы мен тұрмыс сапасын арттырудың барлық тиісті шаралары қабылданып жатыр.
"Біздің басты міндетіміз - өңір тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту, оларды жұмыспен және тұрақты еңбекақымен қамтамасыз ету. Төтенше жағдай мен шектеу шараларының енгізілуіне байланысты көптеген кәсіпорын өз қызметін уақытша тоқтатқан болатын, бұл өз кезегінде азаматтардың табысына әсер етпей қоймады. 520 мың ақтөбелік 20 млрд теңге сомаға әлеуметтік төлем алды. Нәтижесінде біз жұмыссыздықты 4,9% деңгейінде ұстай алдық. Биыл 20 мыңдай жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 мыңға жуығы - тұрақты. Бос жұмыс орындарына 23 мыңнан астам адам орналасты. Жарын мемлекеттік бағдарламалар мен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен де кемінде 21 мың жаңа жұмыс орны құрылатын болады. Оның 11 мыңы - тұрақты жұмыс орындары»,- деп қосты Оңдасын Оразалин.
Облыстағы жүзден аса кәсіпорын 46 мыңнан астам жұмысшының айлығын 15% көтерді. Нәтижесінде, орташа айлық еңбекақы мөлшері 13,4% өсіп, 173,4 мың теңгені құрады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға Ақтөбе облысында 45 млрд.тг. бөлінді. Қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан 303 әлеуметтік және инфрақұрылым жобаның 158-і аяқталды. 11,1 жұмыс орны (жылдық жоспардың 97%) құрылып, соның ішінде жастардың 42%-ы, аз қамтылған азаматтардың 5%-ы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың 2%-ы жұмысқа орналасты.
Бағдарламаға қатысушылардың орташа еңбекақысы 87,3 мың теңгені құрайды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті үлес орташа алғанда 90%.