
Орталық коммункациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин коронавирус індетінің таралуына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
«Біздің бар күшіміз инфекциямен күресуге және тұрақты эпидемиологиялық жағдайды сақтауға жұмылдырылып отыр. Жалпы, коронавируспен күресуге шамамен 5 млрд теңге бөлінді, соның ішінде, медициналық техника мен жабдықтар алуға 3,4 млрд.тг., дәрілік заттар, жеке қорғаныс құралдары мен өкпені жасанды желдеткіш апппаратттарын сатып алуға 1,3 млрд.тг.. Осы жылдың наурыз айынан бері 3600-ден астам медицина қызметкерін 2,9 млрд.теңге көлемінде үстемеақы мен сыйақы алды»,-деп жеткізді өңір басшысы.
Саниатрлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты, стационарларда 315 инфекциялық кереует бар, қажет болған жағдайда олардың саны 3603-ке дейін көбейеді. Сондай-ақ, ПТР тестін тапсырмай шекара асып келгендер үшін 440 кереуетке арналған 3 карантин стационары жұмыс жасайтын болады.
Медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиісті шаралар қабылданды. Жалпы, облыс бойынша 12 заманауи компьютер томографы, 11 стационарлық рентген аппараты, 353 өкпені жасанды желдеткіш аппараты, 405 оттегі концентраты, 626 Бобров аппараты мен 250 оттегі жастығы орнатылып, 26 бірлік санитарлық көлік (биыл қараша айының аяғына дейін тағы 15 көлік келеді) пен 6 мобильді жылжымалы кешен және Камаз жанындағы 2 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды.
Өңір басшысының қолдауымен жергілікті 5 кәсіпорын 90 мың литр дезинфекциялайтын және антисептик заттарды өндіруді жолға қойды, 70 фирма тәулігіне 100 мыңнан аса медициналық бетперде шығара алады.