«Ақтөбе – РФ шекарасы» бағытындағы трассаның 96 шақырымында қозғалыс ашылды

«Ақтөбе – РФ шекарасы» бағытындағы трассаның 96 шақырымында қозғалыс ашылды

 

Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе – РФ шекарасы (Орск бағыты)» автожолының бірқатар учаскесінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді жүргізушілер үшін 96 шақырымдық жаңартылған жол учаскесі ашық.

«Ақтөбе – Ш. Қалдаяқов ауылы» мен «Қосестек – РФ шекарасы» елді мекендері арасындағы аралықта орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл – 16–46 км, 70–100 км және 100–136 км бөліктерді қамтиды.

Жөндеу жұмыстарын «АссанаДорСтрой» ЖШС орындады. Соңғы рет трасса 2017–2019 жылдары жөнделген-ді.

Жолда жекелеген учаскелерді ресайклирленді, ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасының төменгі және ұсақ түйіршікті асфальтбетон қоспасының жоғарғы қабаты төселді; қиыршықтас-мастикалық қоспамен жабылған бөлік жасалды, жол жиегі нығайтылып, жол таңбалары жаңартылды. Сі өткізгіш құбырлар жөнделіп, ауыстырылған. Жаңа жол белгілері мен ақпараттық паннолар орнатылып, сондай-ақ, екі автопавильон мен дәретхана салынды.

Мамандардың айтуынша, келер жылы трассаның қалған 24 шақырымына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Осылайша, ұзындығы 120 шақырымдық жол бөлігі толығымен жаңартылады.

Сонымен қатар ауыр салмақты көліктердің қозғалысын бақылау және жол жабындысының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында трассаның 17-шақырымында автоматтандырылған өлшеу жүйесі (АӨЖ) орнатылады.