
Асхат Шахаров тұрғындардың әлеуметтік және тұрғын үйге қатысты өзекті мәселелері бойынша өтініштерін тыңдады.
Өтініш берушілердің бірі ерекше қажеттілігі бар немересін емдетуге материалдық көмек көрсетуді сұрады. Тағы бір тұрғын бау-бақша ұжымы аумағында орналасқан тұрғын үйін газға қосу мәселесін көтерді.
Үлескерлік келісім бойынша пәтер сатып алған ақтөбелік тұрғын құрылыс жұмыстарының аяқталмауына алаңдаушылық білдірді. Оған қала әкімдігі инженерлік желілерді қосу мәселесімен айналысып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ прокуратураға жүгіну үшін құжаттар пакеті дайындалып жатыр. 2024 жылдың шілде айында күшіне енген сот шешімінің аясында прокуратура жер учаскесі мен жобалық-сметалық құжаттаманы мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арыз беруді жоспарлап отыр.
Тағы бір өтініш беруші өз кәсібін ашу бастамасына қолдау көрсетуді сұрады.
Облыс әкімі тиісті органдар мен қызметтерге барлық өтініш бойынша мәселелерді мұқият қарап, қолданыстағы заңнама аясында шара қабылдауды тапсырды.