
«Қайрат» орталық стадионында ұйымдастырылған мерекелік кеште аудан жұртшылығы мен қонақтар көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше әсерге бөленді.
Аудан әкімі Медет Ысқақов барша жұртты 90 жылдық мерейтоймен құттықтап, ауданның жетістіктері мен алдағы жоспарларға тоқталды. Ол сондай-ақ биылғы Еңбек күні мен Жұмысшы мамандықтар жылының маңыздылығын атап өтіп, ауданның өркендеуінде еңбек адамдарының үлесі айырықша екенін айтты.
Елімізге танымал эстра жұлдыздары Шәмші Самғатұлы, Әлиғазы Төртқара, Еркебұлан Құмаров, Нұрболат Қанай әндерден шашу шашты. Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі мың бұрала би билеп, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай түсті.
Мереке соңы көз тартарлық отшашумен аяқталып, көрермендерге ұмытылмас сәттер сыйлады.