Мәртөк ауданының 90 жылдығы аясында – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні кең көлемде аталып өтті

Мәртөк ауданының 90 жылдығы аясында – Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні кең көлемде аталып өтті

 

 Мерекелік шара ауыл еңбеккерлеріне деген құрметтің жарқын көрінісіне айналды. Сарыжар ауылында ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесі ұйымдастырылып, қонақтар мен тұрғындар заманауи техникалармен танысты.

 Сонымен қатар, ауданның ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілер өз өнімдерін ұсынды. Тұрғындар экологиялық таза, сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

Салтанатты жиында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов құттықтау сөз сөйлеп, сала үздіктерін марапаттады. ҚР Сенат депутаты Амангелді Нұғманов аудан жұртшылығын Мәртөктің 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Шара аясында мерекелік концерт ұйымдастырылып, ұлттық спорт ойындары — арқан тарту, қол күрес, көкпар сынды жарыстармен жалғасын тапты.

 Ауыл еңбеккерлеріне мың алғыс! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында еліміз өркендеп, ауыл тірлігі алға басуда.

#Мәртөк90жыл #Ауылшаруашылығыкүні #АуылБерекесі #АқтөбеОблысы #ҰлттықМереке