«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде Ақтөбе облысы ІІ орынға ие болды

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінде Ақтөбе облысы ІІ орынға ие болды

 

2025 жылғы 20–24 қыркүйек күндері Қостанай облысында халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесі өтті. Дүбірлі дода көрнекті ағартушы, Алаш қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдығына арналды.

500 шақырымға созылған жарысқа шетелден келген 3 команда мен еліміздің түкпір-түкпірінен 15 команда қатысты.

Осы байрақты бәсекеге Ақтөбе облысының құрамасы ерекше төзімділік пен ұйымшылдық танытып, жүлделі ІІ орынға иеленді.