
Облыс әкімі Хромтау ауданына жұмыс сапары аясында «Самара (РФ) – Шымкент» халықаралық маңызы бар автожолының «Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» бағытымен өтетін учаскеге барды.
Қайта жаңғырту жұмыстары 791–819 шақырым аралығында, ұзындығы 28,1 шақырымды құрайтын бөлікте жүргізілуде. Жоба аясында жол 1-А техникалық санатына сәйкес келтірілуде. Құрылысқа «СП Сине Мидас Строй» ЖШС мердігерлік ұйымы жауапты.
Облыс әкімі құрылыс қарқыны, жұмыс сапасымен танысып, мердігермен жобаны жүзеге асырудың негізгі мәселелерін талқылады. Ол мерзімді сақтау мен сапа стандарттарын қамтамасыз етудің, сондай-ақ құрылыс барысында қауіпсіздікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті.