Хромтауда Ағайынды Жұбановтар көшесінде муралдар салынды, жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылуда

Хромтауда Ағайынды Жұбановтар көшесінде муралдар салынды, жаяу жүргіншілер аймағы абаттандырылуда

 

Хромтауда Ағайынды Жұбановтар көшесінде әйгілі композитор А. Жұбанов пен көрнекті түріктанушы-ғалым Қ. Жұбановқа арналған муралдар салынды.

Хромтауда «Tugan Kala» жобасы аясында жаяу жүргіншілер аймағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жол жабыны жаңартылып, заманауи көше жиһаздары орнатылуда. Сонымен қатар, аумақты көгалдандыру, жаңа спорт және ойын алаңдарын жасау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылық пен қауіпсіздікті айтарлықтай арттырады.

Асхат Шахаров «Таза Қазақстан» акциясы аясында көшені көгалдандыруға қатысып, алма ағашын отырғызды.

Өңір басшысы мұндай бастамалардың тұрғындар өмір сапасын арттырудағы маңыздылығына тоқталып, абаттандырылған көшелер мен саябақтар қаланы баршаға қолайлы әрі тартымды ететінін айтты. Жоба ERG компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

«Көшелерді абаттандыру мен жасыл аймақтар құру – тұрғындарымыздың жайлылығы мен денсаулығына қосылған маңызды үлес. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызу – қала тұрғындары және бизнес өкілдерімен бірге қаланы таза әрі көрікті етуіміздің үлгісі. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз көгалдандыру мен инфрақұрылымды дамыту жұмыстарын белсенді түрде жалғастырамыз. Мұндай жобалар – өмір сүріп, дамығың келетін қала қалыптастыруға септігін тигізеді», – деп атап өтті Асхат Шахаров.