Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметтердің 171 түрі көрсетіледі, оның ішінде электрондық форматта - 151.
2020 жылы барлығы 5 824 360 қызмет көрсетілді, оның ішінде электрондық форматта – 5 699 576 млн. қызмет көрсетіліп, барлық көрсетілген қызметтердің 97,8 % үлесін құрады (2019 жылы – 76%).
Ішкі бақылау
2020 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ЖАО-мен 273 ішкі бақылау іс-шаралары өткізілді. Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша, Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 1382 заңбұзушылық анықталды.
Ең көп таралған заңбұзушылықтарға:
– мемлекеттік қызмет стандарттарында көзделген құжаттардың толық пакеті болмаған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету – 308 факт (анықталған бұзушылықтардың жалпы санының 22,3 %);
- мемлекеттік қызмет стандарттарында көзделмеген немесе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынуы мүмкін құжаттарды талап ету – 408 факт (анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан 29,5 %);
- заңнаманың өзге де талаптарын бұзу – 167 факті (анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан 12 %).
- регламенттерде көзделген мемлекеттік қызметтерді көрсету рәсімдерін (бизнес – үдерістерін) бұзу – 479 факт (анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан 34,6 %);
- ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап ету – 19 факт (анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан 1,4 %);
– мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту – 1 факт (анықталған бұзушылықтардың жалпы санынан 0,1 %).
Ішкі бақылау іс – шараларының нәтижелері бойынша 440 ұсыныс берілді, оның 379-і орындалды. Анықтама: мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жіберілген бұзушылықтар үшін тәртіптік жауапкершілікке – 90 лауазымды тұлға тартылды (оның ішінде:" ескерту " - 87," сөгіс " - 3).
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің бұзу
Мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі бағыттардың бірі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін сақтау болып табылады.
2020 жылы қорытындысы бойынша 870 қызмет мерзімі бұзылып көрсетілген. Осы бағытта келесі мемлекеттік органдар көшбасшы болып табылады:
|
№ |
Мемлекеттік органның атауы |
2020 жылда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу саны |
|
1 |
Қобда аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім |
1 |
|
2 |
Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы |
27 |
|
3 |
Ақтөбе қаласының әкімі аппараты |
6 |
|
4 |
Мәртөк аудандық жер қатынастары бөлімі |
3 |
|
5 |
Ауыл шаруашылығы басқармасы |
814 |
|
6 |
Қобда аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі |
5 |
|
7 |
Ырғыз аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі |
2 |
|
8 |
Білім басқармасы «Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған "білім-инновация" лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
1 |
|
9 |
2 |
|
|
10 |
Ырғыз аудандық жер қатынастар бөлімі |
1 |
|
11 |
Мұғалжар орта мектебі мемлекеттік мекеме |
1 |
|
12 |
Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі |
4 |
|
13 |
Мұғалжар аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі |
1 |
|
14 |
Алға аудандық жер қатынастар бөлімі |
1 |
|
15 |
Байғанин орта мектебі мемлекеттік мекеме |
1 |
|
|
Барлығы |
870 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзған жауапты мамандар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.