Меню

Страницы

Статья

АҚТӨБЕДЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕУ ЖӨНІНДЕГІ ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АҚТӨБЕДЕ ҮШЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ЖАСАЛДЫ
Ақтөбеде үшжақты комиссия отырысында әлеуметтік әріптестік жөнінде жасалған келісімнің орындалу барысы жан-жақты талқыланды. Жиынға Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы А. Әмірғалиев пен комиссияның тең төрағасы, бірлестік төрағасының орынбасары Ж. Ақбергенов және Салалық және жергілікті кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері қатысты. Әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның отырысында еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс орындарының қысқаруының алдын алу, жұмыспен қамту шаралары және жұмыскерлер алдында жалақы қарыздарын болдырмау мәселелері қаралды. Бірқатар түйткілді мәселелер де бар. Мысалы, Ақтөбе облысында 4 кәсіпорынның 200-ден астам жұмысшысына жалақы берешегі 30 млн. тенгеден асқан.Бережағы бар,шаруасы тұраап қалған мекеме басшылары комиссия отырысына тікелей қатысып, түйткілді мәселелерін айтты. Өңірде еңбек дауларын болдырмау және алдын алу жайы жан-жақты қаралды.Комиссия отырысы барысында Ақтөбе облысының әкімдігінің және кәсіподақтар бірлестігі мен жұмыс берушілер қауымдастығы арасында үшжақты келісім жасалды. Бұл - 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестікті нығайтуға, ең бастысы жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғауға бағытталған келісім. Маңызды құжат әр үш жыл сайын жаңартылады. Осы келісімде тұрақты жұмыс орындарын сақтау, жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мен әлеуметтік қолдауға ерекше мән берілген.

Дата публикации
15 июня 2021
Дата обновления
15 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы