Меню

Страницы

Статья

Ақпараттық хабар 01.12.2020

Ақпараттық хабар

 

2020 жылғы 01 желтоқсанда облыстық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103-бабына сәйкес, «АҚЖОЛ» саяси партиясының Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:

  1. «Қазақстанның «АҚ ЖОЛ» демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалы конференциясының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
  2. Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
  3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
  4. Азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері;
  5. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
  6. Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
  7. Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;
  8. Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
  9. Саяси партияның Ақтөбе облысы әкімдігінің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
  10. Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;

Облыстық сайлау комиссиясы Партиялық тізімдерге енгізілген облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.

«АҚЖОЛ» саяси партиясы филиалының партиялық тізіміне облыстық мәслихаттың депутаттығына 5 кандидат енгізілген.

Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылдың                         04 желтоқсанына дейін ( сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады.

 

Дата публикации
04 декабря 2020
Дата обновления
04 декабря 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы