2020 жылғы 25 қарашада облыстық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 103-бабына сәйкес, «Nur Otan» партиясының Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауға кандидаттарды ұсыну туралы құжаттары ұсынылды:
- «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының XXX конференциясының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
- Саяси партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
- Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі партиялық тізім;
- Азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініштері;
- Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаяндық деректері;
- Партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері;
- Уәкілетті адам қол қойған және саяси партияның мөрімен расталған саяси партияға мүшелігін растайтын құжаттар;
- Саяси партияның Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- Саяси партияның Ақтөбе облысы әкімдігінің ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотына сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;
- Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
Облыстық сайлау комиссиясы Партиялық тізімдерге енгізілген облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.
«Nur Otan» партиясы филиалының партиялық тізіміне облыстық мәслихаттың депутаттығына 50 кандидат енгізілген.
Мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес партиялық тізімдерді ұсынуды саяси партиялар ағымдағы жылдың 04 желтоқсанына дейін ( сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырады.