ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУ
Бүгінгі таңда спорт басқармасына ведомстволық бағынысты 35 облыстық БЖСМ спорт метептері жұмыс істейді.
Сонымен қатар, облыс орталығында Есет-батыр атындағы олимпиадалық резервтің мектеп-интернат-колледжі және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған клуб қызмет атқарады..
Барлық аудандық БЖСМ-нің ауылдық округтері бойынша 62 ауылда спорттың 13 түрі бойынша БЖСМ филиалдары жұмыс істейді. Бұл спорт мектептерінде 55 спорт түрінен 22116 мың бала мен жасөспірім спортпен тегін айналысады.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жан басына шаққандағы қаржыландырудың мемлекеттік спорттық тапсырысының операторы болып табылады. 2023 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша спорттың 20 түрінен 7923 бала тіркеліп, спортпен тегін шұғылдануда. Үстіміздегі жылға бөлінген қаражат көлемі 1332,0 млрд. теңгені құрайды. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесіне сәйкес жеткізушілер жазғы демалыс уақытындада өз жұмыстарын жалғастырды.
Дене тәрбиесі – бұл барлық балалар мен жастардың қоғамдық өміріне, күнделікті дағдылармен және біліміне әсер ететін ең тиімді құрал.
Азаматтарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында ағымдағы жылы облыста 199720 адамды қамтыған 2414 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. (анықтама үшін: азаматтарды қамту 41,5% немесе 387 987 адам), оның ішінде республикалық деңгейдегі ауқымды спорттық-бұқаралық іс-шаралар Қазхром-дуатлон, "Экиден" жеңілатлетикалық эстафетасы, Ақтөбе марафоны және балалар жүгірісі.
Жүйелі түрде Халық спорты ойындары, "Ақ бидай" ауылдық спорттық ойындары, ұлттық спорт түрлерінен фестивальдер, ардагерлер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында спартакиадалар өткізіледі.
Бұқаралық спорттың маңызды факторларының бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту болып табылады. Бүгінгі таңда қалада мүмкіндігі шектеулі 1520 адам спортпен айналысады. Бұл азаматтарға басқараға қарасты мекемелерде спортпен тегін шұғылдану қарастырылған.
Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдерді спортқа тарту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаланың білім беру мектептерінде қыркүйек айынан бастап "Чемпион миссиясы" акциясы бастау алды. Бұл акцияда біздің спортшылар оқушылармен кездесулер мен шеберлік сыныптарын өткізуде.
Материалдық – техникалық базаны жақсарту және бұқаралық спортты, сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша қазіргі уақытта 33 спорт нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 2024 жылға ауысатын 18 спорт нысаны бар. Ағымдағы жылдың соңына дейін 15 спорт нысанын іске қосу жоспарлануда. Сондай-ақ, 6 спорт мектебі мен 1 спорт кешенінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, өңірде соңғы жылдары салынған ірі спорт кешендерінің, түрлі деңгейдегі алаңдардың және басқа да спорт ғимараттарының саны өсуде, бұл біздің спортшыларымыздың спорттағы облыстық және республикалық деңгейде ғана емес, сонымен қатар халықаралық аренадағы жетістіктерге жететеін елеулі нәтиже береді.