Меню

Страницы

Статья

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ

Ақтөбе облысында бүгінгі күнге 319 елдімекеннің 291-і (91,2%) немесе 923,7 мың адам (99,5%) ауыз сумен қамтамасыз етілген, 28 (8,8%) елдімекен су ұңғымасын пайдаланады.

Республика бойынша сумен жабдықтау көрсеткіші халық санымен құрағанда 98,0% құрайды.

Ақтөбе облысының сумен жабдықтау көрсеткіші республика бойынша 7 орында.

Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша 311 ауылдың 283-і ауыз сумен жабдықталған болса, қалған 28 ауылдың ішінде:

10 ауылға (Әйтеке би – Белқопа, Аққұм, Ұлғайсын, Алға – Көктоғай, Тікқайын, Байғанин – Дияр, Баршақұм, Ойыл – Қарасу. Темір – Еңбекші, Хромтау – Майтөбе) орталық су жүйесі жүргізілуде;

18 ауыл бойынша (Әйтеке би – Милысай, Сарыбұлақ, Байжанкөл, Байғанин – Ақтам, Көптоғай, Қарғалы – Кемпірсай, Мұғалжар – Көктөбе, Тепсен-Қарабұлақ, Құмсай, Қобда – Қарағанды, Жаманкөл, Ортақ, Хромтау – Ойсылқара, Жайлаусай, Көптоғай, Тассай, Көктерек) халықпен кездесу барысында КБМ орнатудан бас тартты. Алайда санитарлық нормаларға сай келетін таза ауыз сумен қамтылған, су ұңғымаларын пайдалануда.

Жалпы облыс бойынша сумен жабдықтау қолжетімділігі 2025 жылы халық бойынша 927 мың адамға (99,9%), елдімекендер бойынша 301-ке (94,4%) жетіп, орталықтандырылған су жүргізу және КБМ орнатуға жататын ауылдар толығымен қамтылады.

ЭНЕРГЕТИКА

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының тұтынатын қуаты орта есеппен 870 МВт құрайды, оның ішінде жергілікті энергия көздерінің генерациясы – 543 МВт (62%), сыртқы энергия көздерінен 327 МВт (38%) мөлшеріндегі электр энергиясы алынады.

Облыс бойынша 2028 жылға қарай электр энергиясының теңгерімі 1 270 МВт құрайды деп күтілуде.

Бұл ретте, Жеке инвестицияларды тарту арқылы қуаты 450 МВт 5 «жасыл» жобаны (жаңартылатын энергия көздері) іске қосу жоспарланып отыр.

Жалпы, аталған жобаларды іске асыру арқылы 2028 жылы 1 475 МВт, 2030 жылы 1 535 МВт электр энергиясын өндіру жоспарлануда.

ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ

Қазіргі уақытта облыстың 319 елді мекеннің 172-і (53,9%) немесе 888 мың адам (95,6%) көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.

2025 жылы 14 жобаны іске асыруды аяқтап, халық саны 9,8 мың адам болатын 24 ауыл газдандыру жоспарлануда.

Нәтижесінде, 2025 жылдың соңына дейін 319 елді мекеннің 196-і (61,4%) немесе 898 мың адам (96,7%) халық газбен қамтылады.

Бұдан басқа, 2025-2027жж. арналған республикалық бюджетті нақтылауына 9 жаңа жоба бойынша бюджеттік өтінім жолданды.

Қаржыландыру қолдау тауып, осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 207 (64,9%) елді мекен немесе
 902 мың адам (97,2%) газбен қамтамасыз етіледі.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЖАҢҒЫРТУ

Облыстағы көпқабатты тұрғын үйлердің саны 2 548 бірлікті құрайды. Жаңа нысандарға көшуге жататын үйлердің саны - 2 301 бірлік.

Жаңартылған ақпаратқа сәйкес облыстағы күрделі жөндеуді талап ететін ескі үйлердің саны 465 үй немесе 18,2%, авариялық жағдайда деп өңір орталығында 31 көппәтерлі тұрғын үй (1,2%) тіркелуде.

Жөндеу жұмыстарының бірыңғай операторы - «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ болып табылады.

Ақтөбе, Алға және Хромтау қалаларында 25 жобаны іске асыру үшін 2024 жылы КПТҮ күрделі жөндеуге қаражат бөлінді, оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен.

Ағымдағы жылы 2025-2027 жж. республикалық бюджетті нақтылауға 121 жобаны (36 үй және 136 лифт) қаржыландыру үшін жалпы сомасы 5,3 млрд. теңгеге бюджеттік өтінім берілді.

Ұсынылған жобалар қолдау тапқан жағдайда, қызмет ету мерзімі 25 жылдан асқан лифтілерді ауыстырып, төтенше жағдайдардың алдын алу шаралары жүргізілетін болады. 

Тұрғын үй беру бойынша

Облыс бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде 37 127азамат тіркеліп тұр, оның ішінде:

  • жетім балалар – 3 092,
  • халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары –15 095,
  • көпбалалы отбасылар – 6 399,
  • мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері – 12 238,
  • жалғыз үйі авариялық азаматтар – 303 азамат.

2024 жылдың қорытындысына сәйкес облыс бойынша 1160 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Оның ішінде:

  • кезек ретімен – 934 отбасы;
  • «Бақытты отбасы» бағдарламасы – 168 азамат.
  • «Шаңырақ» бағдарламасы – 58 азамат.

2025 жылдың басынан кезек ретімен облыс бойынша 415 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін төлемдерді жүзеге асыру

Бүгінгі күні азаматтардың жекелеген санаттарына жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жергілікті бюджеттен «Отбасы банк» АҚ арқылы төлемдерді жүзеге асыру үшін 60,0 млн.теңге бөлінді. Қаражат ағымдағы жылдың қаңтар айында «Отбасы банк» АҚ-ға жіберілді.

Бұл жеңілдік мемлекет есебінен тұрғын үйді жалға алу сомасының 50% төлеуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда 380 отбасы төлем алуға келісім-шарт жасасты.

ОТБАСЫ БАНКІ

2023 жылғы қарашадан бастап Ақтөбе облысының әкімдігі және «Отбасы банк» АҚ жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде («Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлеріне кредит беру) Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру жөніндегі «Отбасы банк» АҚ-ның 2024 жылға арналған өңірлік бағдарламасы бойынша Ақтөбе ферроқорытпа зауыты және «Қазхром» ТҰК» АҚ-мен басқарма аппараты қызметкерлерінің тұрғын үйі жеңілдікті ипотекалық бағдарлама арқылы қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар өткізілді.

Бағдарламаға бөлінген қаражат бойынша 70 қызметкер тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды.

Бағдарламаны іске асыру бір мезгілде «Қазхром» ТҰК» АҚ қызметкерлері болып табылатын азаматтардың әлеуметтік осал санатына тұрғын үй алуға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, 2024 жылы Ақтөбе облысының әкімдігі жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама арқылы су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе қаласының тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саясаты шеңберінде Қазақстан Республикасының азаматтарына кредит беру жөніндегі өңірлік бағдарлама шеңберінде «Отбасы банк» АҚ-мен ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 105 азамат «Отбасы банк» АҚ арқылы тұрғын үй сатып алды. 

Авариялық тұрғын үйлер бойынша

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бағыттарының бірі тұрғын үй қорын жаңарту болып табылады.

Реновация авариялық (ескірген) тұрғын үйді бұзу және тұрғын үй мен жер учаскесін реквизициялау тәртібімен одан азаматтарды көшіру жолымен қалалардың «ескі кварталдарын» кешенді қайта жаңартуды көздейді.

Ақтөбе қаласы әкімдігі «Ақтөбе қаласының тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» қаулымен бекітілді. Уәкілетті ұйым болып «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ белгіленді.

Авариялық тұрғын үй кезегінде 303 отбасы тіркеліп тұр (Ақтөбе қ. 214 отбасы).

Бүгінгі күні облыс орталығында көшіруді талап ететін 31 авариялық көппәтерлі тұрғын үйлерде 751 отбасы қоныстануда (оның ішінде Ақтөбе қ. – 28 үй (675 отбасы), Темір ауданы – 3 үй (76 отбасы)

Реновация тетігі арқылы жүзеге асыру мақсатында Ақтөбе қаласы әкімдігімен «2029 жылға дейін апатты және тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзу арқылы меншік иелерін жаңа тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі» жол картасы бекітілді.

Бүгінгі күні инвесторларды тарту есебінен 6 үй немесе 93 пәтер бойынша алдын ала шешім бар. Атап айтқанда: Ақтөбе қаласы Чекалина көшесіндегі 5 үй, Тілеу батыр көшесі 1 үй.

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
18 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы