Меню

Страницы

Статья

«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің негізгі бағыттары облыстың сәулет, құрылыс, қала құрылысы саласын дамыту, сондай-ақ халықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау болып табылады.

Басқарманың өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері:

  • құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнама нормаларының, заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген облыс аумағын қала құрылысы игеру кезінде мемлекеттік нормативтер мен өзге жобалық құжаттамалардың сақталуын қамтамасыз ету;
  • құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді қорғау;
  • республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын объектілер құрылысын ұйымдастыру.

Басқармаға облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2 негізгі индикаторының орындалуы бекітілді: тұрғын үйді пайдалануға беру және орындалатын құрылыс жұмыстарының көлемі.

2025 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен 1 млн. ш.м. тұрғын үй пайдалануға беру жоспарланған болатын. Бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 103,7% құрайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша есепті кезеңіне 920,1 мың ш.м. пайдалануға берілді. Оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үй – 400,2 мың ш.м., жеке тұрғын үй – 519,9 мың ш.м. 2024 жылдың тиісті кезеңіне қатысты 103,8% құрады. 

2025 жылдың жоспарына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша орындалатын құрылыс жұмыстарының көлемі 468,5 млрд. теңге деңгейінде бекітілді (инфляция деңгейі болжаммен 2,3% болған жағдайда). Бұл 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 115,0%-ды құрайды.

Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша есепті кезеңінде облыс бойынша 363,8 млрд. теңге көлемінде құрылыс жұмыстары орындалды, НКИ – 117,7%.

Орындалған құрылыс жұмыстарының басым бөлігі – (73,2%-ы) жолдар мен автомагистральдар, шахталар, тұрғын және тұрғын емес ғимараттар құрылыстары есебінен.

2025 жылға 87 нысан бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары және 37 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының бекітілген бюджеті 87,7 млрд. теңгені құрайды. Бұл қаржының бөлінуі келесідей:

  • Ұлттық қор есебінен – 27,1 млрд. теңге,
  • Республикалық бюджет – 12,8 млрд. теңге,
  • Облыстық бюджет – 34,7 млрд. теңге,
  • Облыстық резервтен – 4,2 млрд. теңге,
  • Арнаулы мемлекеттік қор – 8,9 млрд. теңге.

Бұл қаржы тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалады.

2025 жылдың соңына дейін білім беру саласында 14 нысанды, денсаулық сақтау саласында 2 нысанды пайдалануға беру жоспарлануда.

Дата публикации
25 ноября 2020
Дата обновления
19 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы