Жұмыспен қамту жол картасы – 2020
Ақтөбе облысының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы – 4,9 мың км құрайды, оның ішінде: облыстық маңызы бар 1,2 мың км және аудандық маңызы бар 3,7 мың км автомобиль жолдары бар. 01.01.2020 жылғы жағдай бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 56,5 % немесе 2,8 мың шақырымды құрайды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 59 % жеткізу күтілуде.
2020 жылы 606 км автомобиль жолдарын жөндеу бойынша 40,4 млрд. теңгеге 196 жобаны іске асыру жоспарланды, оның ішінде Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 3,2 млрд. теңге сомасына 25 жоба, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 20,6 млрд. теңге сомасына 129 жоба, «Ауыл – ел бесігі» арнайы бағдарламасы бойынша 24,2 млрд.теңге сомасына 16 жоба және «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 14,8 млрд. теңге сомасына 26 жоба.
2020 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 36,3 млрд. теңге игеріліп, 545,4 шақырым автомобиль жолы жөнделді. Жыл соңына дейін 60,6 км автомобиль жолының құрылысын аяқтау күтілуде.
«Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласының 97 көшесіне немесе 147 км автомобиль жолына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.