Меню

Страницы

Статья

Көліктік әлеует

Ағымдағы жылы автомобиль жолдарын дамытуға 59,7 млрд теңге көлемінде қаржы қарастырылған, оның ішінде 7,4 млрд теңге республикалық бюджеттен, ал 52,3 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінді.

Бөлінген қаражат есебінен жалпы ұзындығы 464,1 шақырымды құрайтын 156 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Атап айтқанда, 36 жоба – ұзындығы 245,1 шақырым жергілікті маңызы бар жолдарға, ал 120 жоба – ұзындығы 218 шақырым қалалық және ауылішілік жолдарға тиесілі.

Жоспарға сәйкес, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 82%-ға жеткізу көзделіп отыр.

Жергілікті автомобиль жолдарын жөндеу мәселелері тұрақты бақылауда.

Облыс аумағында жүзеге асырылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобаларға келетін болсақ, республикалық маңызы бар «Ақтөбе – Қарабұтак – Ұлғайсын» және «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолдарын жөндеу жұмыстары басталды.

Атап айтқанда, «Ақтөбе – Қарабұтак – Ұлғайсын» автожолының реконструкциясы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда — учаске 7 бөлікке бөлінген, құрылыс жұмыстары 791-ші шақырымнан 819-шы шақырымға дейінгі аралықта басталды. Мердігер ұйым — «Сине Мидас Строй» ЖШС.

Қалған 6 учаске бойынша — 763-ші шақырымнан 791-ші шақырымға дейін және 819-шы шақырымнан 1025-ші шақырымға дейін — EPC-шарт (жобалау, құрылыс және қызмет көрсету) аясында халықаралық конкурстың екі кезеңдік рәсімі жүргізілуде.

Қаржыландыру көздері ретінде Еуропа қайта құру және даму банкі (136 км) мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (98 км) қарастырылған.

Сонымен қатар, республикалық маңызы бар «Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз» автожолында ұзындығы 401 шақырымды құрайтын жолды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде Қандыағаш – Шалқар аралығы – 259 шақырым:

35-ші шақырымда орташа жөндеу жұмыстары орындалды;

110-шы шақырымда орташа жөндеу жұмыстары биыл аяқталады;

Қалған 114 шақырымдық учаске қаржының бөлінуіне байланысты кейінірек жөнделетін болады.

Дата публикации
20 ноября 2020
Дата обновления
27 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

13 октября 2026
30 сентября 2026
13 августа 2026

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы